Тексеру қорытындысы бойынша 1168 (17%) нысанда карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен бірлесіп, мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырудың күрт өсуіне байланысты мониторингтік топтардың жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша онлайн форматта жұмыс кеңесін өткізді. Кеңеске қала аудандарының әкімдері, қоғамдық денсаулық, кәсіпкерлік және инвестициялар басқармаларының басшылығы қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгінгі таңда Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 20 111 жағдайы тіркелген, бұл ретте соңғы тәуліктің өзінде жұқтырудың 131 фактісі тіркелген. 2020 жылғы желтоқсан айының бірінші онкүндігімен салыстырғанда коронавирустық инфекция бойынша сырқаттанушылықтың 1,7 есе өсуі тіркелді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа есеппен 100-ден 130-ға дейін жағдай тіркеледі. Ең көп ауырғандар 20-39 жас аралығында байқалады – 35%, 40-59 жас аралығында – 31%. Негізгі жұқтыру орындары қоғамдық орындарда (сауда, қоғамдық тамақтану нысандары) – 41%.
2020 жылдың 8 қазанынан осы жылдың 14 қаңтарына дейін 832 іс-шара өткізілді, оның барысында 6971 нысан қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 1168 (17%) нысанда карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. ҚР ӘҚБтК 425 – бабы 1-бөлігі шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін барлығы 1014 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды: заңды тұлғаларға-77 779 140 теңге сомасына 287; жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 425-бабы 1-бөлігі бойынша 30 294 090 сомасына 727 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. Сондай-ақ, 20 материал сотқа берілді. Бір аптада а. ж. 8-14 қаңтар аралығында 52 іс-шара өткізіліп, 476 нысан қамтылды.
Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеу мақсатында қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров аудан әкімдіктері жанындағы мониторингтік топтарға жұқтыру қаупі жоғары жерлерде, оның ішінде сауда орталықтарында, базарларда тексеру іс-шараларын күшейтуді тапсырды.
Қоғамдық тамақтану ұйымдары қатарындағы шектеу шараларын «қасақана бұзушылар» ерекше бақылауда. Бүгінгі таңда Алматы қаласының мамандандырылған соты кәсіпкерлердің 16 нысанына әкімшілік айыппұл салу және қызметін тоқтату туралы шешім шығарды. Бұл жұмыс жалғасуда.
Қаланың Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы өз кезегінде түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Ержан Бабақұмаров кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларын сақтамауы қызметті тоқтатудан басқа келушілер мен персонал қызметкерлерінің жаппай жұқтыруына әкелуі мүмкін екенін атап өтті. Алматы әкімдігі меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілерінен, сондай-ақ мегаполис тұрғындары мен қонақтарынан санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларын бұзбауды сұрайды.
Бизнес субъектілері, әсіресе сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түліктік емес дүкендер қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысымен белгіленген барлық талаптардың толық орындалуын қамтамасыз етуі қажет:
- қызметкерлердің барынша қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауысуын қамтамасыз ету;
- жауапты адамға жұмыс (ауысым) басталар алдында байланыссыз термометрлерді (тепловизорларды) пайдалана отырып, қағазға немесе электрондық тасығыштарда тіркей отырып, персоналдың күн сайынғы термометриясын жүргізу);
- респираторлық инфекцияның кез келген белгілері (қызба, жөтел, тамақтың ауыруы, тыныс алудың қиындауы) бар қызметкерлерді жұмысқа келуін болдырмау, симптомдар анықталған немесе пайда болған жағдайда жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыру қажет;
- персоналды қолды өңдеуге арналған бір реттік медициналық бетперделермен, бір реттік қолғаптармен, тері антисептиктерінің қорымен қамтамасыз ету.
- сауда залдарында, касса аймағында көрінетін және қолжетімді жерлерде, нысанға кіреберісте қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлердің орнатылуын қарастыру, коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша жадынамаларды орналастыру;
- келушілерге термометрия жүргізу;
- 4 ш. м. алаңға 1 адам есебінен келушілер санын шектеуді қамтамасыз ету;
- сауда залдарына кіруге рұқсат әлеуметтік белгі болған жағдайда жүзеге асырылады;
- ғимараттарды дезинфекциялау, ғимараттарға күн сайын ылғалды тазалық жұмыстарын жүргізу;
COVID-19 коронавирустық инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға сауда нысанының әкімшілігі жауапты болады.
Шектеу шараларын «қасақаны бұзушылар» тізімі:
Алатау ауданы
1. «Парваз» дәмханасы.
2. «Центр шашлыка» дәмханасы.
3. «Жақсылық» дәмханасы.
Алмалы ауданы:
1. «Финик» мейрамханасы.
2. «До-ре-ми» караокесі.
3. «Дегирмен» дәмханасы.
4. «Endorphin» дәмханасы.
5. «Black» лаундж бары.
6. «Aragosta» диско бары.
Әуезов ауданы:
1. «Мотор» түнгі клубы.
2. «Москва» бильярд клубы
3. «Tennisi.kz» букмекерлік компаниясы.
4. Лото клуб.
5. «Рыба моей мечты» караоке бары.
Бостандық ауданы:
1. «Sushi rai» дәмханасы.
2. «Vivaldi» караокесі.
3. «Qweer» түнгі клубы.
Медеу ауданы:
1. «Оранжери GRUP» ЖШС «Оранжери» рестобары.
2. «Suddenly» ЖШС «Hookan Dreams» кафе-бары.
3. «Global Food and Beverage Service» ЖШС, «Небо» бары.
Түрксіб ауданы:
1. «Шашлычный двор» дәмханасы.
Жетісу ауданы:
1. «Ниязов» компьютер клубы.
2. «Ади» бары.
Наурызбай ауданы:
1. «Примера» дәмханасы.
2. «Тастыбұлақ» дәмханасы.
3. «Каракум» дәмханасы.
4. «Ағайын» дәмханасы.
5. Лото клуб.
6. «Рэя» дәмханасы.
7. «Саудабай» дәмханасы.