Алматыда КВИ жұқтырғандардың апта сайынғы тіркелуі 12 мыңға дейін өсуі мүмкін

06.08.2021 23:07

Алматыда эпидахуал соңғы аптада КВИ жұқтырған 1,6 мыңға жуық науқастың тіркелуіне байланысты нашарлай түсті

кадр видео

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматыдағы эпидахуал бойынша соңғы деректі жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, Алматыда эпидахуал соңғы аптада КВИ жұқтырған 1,6 мыңға жуық науқастың тіркелуіне байланысты нашарлай түсті. 28 шілдеден бастап індеттің тәуліктік тіркелуі 1,5 мың жағдайдан асты, жалпы шілдеде 25 544, осы жылдың басынан бері 89 035 науқас анықталған.

«Өткен аптада алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, КВИ жұқтырған науқастардың тіркелуі 1,5 есеге - 8 393-тен 12 432-ге дейін өсті. Бірақ өткен күндермен салыстырғанда тәуліктік өсім 1,7%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. R- саны - 1,2-ден 1,07-ге дейін төмендеді», – деді Ж. Бекшин.

Алматы қаласының СЭБД басшысы 8-20-маусым аралығында эпидемияның үшінші толқыны тұрақтанғаннан кейін, «британдық» COVID-19  штаммының пайда болғанын, 20 шілдеден кейін эпидемияның төртінші толқынының басталғанын атап өтті. Ол іс жүзінде осы жылдың 30 шілдесінен бастап күніне шамамен 1,5-1,6 мың коронавирус жұқтырған науқастар тіркеліп жатыр. КВИ бойынша апталық өсу аурудың тамыз айының соңына қарай 12 мың жағдайға төмендеуі мүмкін.