Бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты
Алматыда коронавирус онлайн оқитын оқушылар арасында көптеп анықталып жатыр. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы – қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Алматы ақшамы" газетіне сілтеме жасап.
«Наурыздың бірінші аптасында мектеп оқушылары арасынан 10 жағдай тіркелсе, өткен аптада 100-ден астам оқушы вирус жұқтырды. Жалпы, 1700-ге жуық оқушыға коронавирус жұққан. Былтырмен салыстырғанда балалар арасындағы бұл көрсеткіш екі есе көбейген. Оқушылардың 80 пайызында онлайн режимде жұққан. Мектепте оқып жатқан 20 пайыз оқушының 65 пайызы вирусты үйінде жұқтырған», – деді Ж. Бекшин.