Карантин талабын жеңілдеген сайын коронавирус жұқтырғандардың саны көбейе түскен

Фото © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ
Фото © SPUTNIK / ВЛАДИСЛАВ ВОДНЕВ
COVID-19 инфекциясын ел аумағында 12 мың 124 адам жұқтырған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде карантин талабын жеңілдеткен сайын коронавирус жұқтырғандардың саны көбейе түскен. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сәуірдің екінші жартысында коронавирустың бірінші кезеңі болғандығын айтып, соңғы екі аптада індеттің қайта өршіп бара жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көбінесе коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандар есебінен статистика өскен. Енді министрлік дерттің алдын алу шараларын жаңа әдіспен жүргізуді қолға алмақ.  

«Біз симптомсыз науқастарды ауруханаға, жергілікті емханаларда, үйлерінде, яғни стационарлық карантинге жатқызбай үй карантинінде бақылауға аламыз. Мұндай науқастарды бақылау жауапкершілігі жергілікті емханаларға жүктеледі. Учаскелік дәрігерлер арнайы дайындықтан өткен. Бүгінде ауруы жеңіл деңгейдегі науқастардың көпшілігі инфекциялық ауруханаларда жатыр. Бірақ осы аптадан бастап жаңа хаттаманы енгіземіз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ.

Еліміздің бас дәрігері азаматтарды мұндай шараға түсіністікпен қарауға шақырады. Сонымен қатар, аурудың симптомсыз жүретінін еске салып, сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді. Еске салайық, осы күні елде коронавирустан 6 мың 469 адам айықты. Оның 1 мың 242-сі Нұр-Сұлтанда болса, Алматыда 1 мың 730. Шымкентте бұл көрсеткіш 397. Ал, COVID-19 инфекциясын ел аумағында 12 мың 124 адам жұқтырған. Өкінішке қарай, 48 науқас дерттің құрбаны болды.

Новости партнеров