Алматы облысында 2020 жылы туған сәби коронавирус жұқтырған

24.05.2020 23:11

Облыста коронавируспен ауырғандар саны 284 адамға жетті

Алматы облысында коронавирус инфекциясының тағы 6 жағдайы тіркелді. Атап айтқанда, Талдықорған қаласы мен Ескелді және Талғар аудандарының әрқайсысында 2 жағдайдан анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1950, 1989, 1989, 1995, 1996, 2020 жылы туған 6 пациенттің барлығынан COVID-19 вирусы белсенді түрде анықталған, 4-еуі бұған дейін коронавируспен ауырғандармен байланыста болғандар, 2-інің сырқаты профилактикалық мақсатта тексерілуі барысында белгілі болды», - делінген хабарламада.

Сырқаттардың барлығы жекелей орналастырылып, қазір инфекциялық бөлімге ауыстырылған. 
Эпидемиологиялық зерттеулер жалғасуда. 

Қазіргі уақытта Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 284 болды.