Алматының орта жастағы тұрғындары КВИ жұқтыруға барынша бейім

aa.com
aa.com
Ж. Бекшиннің айтуынша, 40 пен 60 жас аралығындағы халық белсенді түрде вакцина алды, бұл осы топтың жұқтыру жағдайларының 5%-ға төмендегенін көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемнің көптеген елдерінің халқы өздерін коронавирустың жаңа штаммынан оқшауласа, ал Алматы тұрғындары, әсіресе, жастар карантин шараларын күн сайын бұзып келеді. Мегаполистің Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жастардың вакцинаны елемей, КВИ таралу мәселесіне енжар қарайтындығын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ж.Бекшин журналистердің сұрағына жауап бере келе соңғы эпидемиологиялық жағдайды саралап, науқастармен байланыста болған азаматтардың 86 пайызы коронавирус жұқтырғанын жеткізді.

«Олар отбасында, сауда нысандарында, бұқаралық іс-шараларда, мерейтой мен еске алу кештерінде, қоғамдық көлікте індет жұқтыруда», – деді бас санитарлық дәрігер.

Ж. Бекшиннің айтуынша, жаңа штамдардың таралу қаупі жоғары. «Сондықтан Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай күрделі. Қалада коронавирус ауруының жоғары таралуы жастардың вакцинаға немқұрайлы қарауынан әрі карантиндік шаралардың бұзылуынан», – деді бас санитарлық дәрігер.

«Негізінен 20-40 жастағы азаматтар дертті тез жұқтырады. Қазір осы жас аралығында дерт жұқтырғандар 38%-ды құрайды. Бүгінде індет жұқтыру қаупі 5% өсімді көрсетсе, бұл жастардың вакцинаны елемеуінде. Жастар қарт адамдар сияқты коронавирустың жаңа штамымен инфекцияға және ауруға бейім екенін ескерген жөн», – деді Ж. Бекшин.

Вирустың негізгі тасымалдаушысы – белсенді жастар. Мысалы, мониторингтік топтар демалыс күндері белгіленген шектеулердің ондаған бұзушылықты тіркеді. Түнгі уақытта бірнеше ойын-сауық мекемелері анықталды. Онда адамдар әлеуметтік қашықтық пен жұмыс режимін сақтамады.

Ж. Бекшиннің айтуынша, 40 пен 60 жас аралығындағы халық белсенді түрде вакцина алды, бұл осы топтың жұқтыру жағдайларының 5%-ға төмендегенін көрсетті.

60 жастан асқан адамдар ерікті түрде вакцина алды, сондықтан аурудың тек 20%-ы тіркелген.  

Эпидемиологиялық талаптарды сақтамау салдарынан Алматыда 14 жасқа дейінгі балалардың жұқтыру қаупінің жоғары екені байқалды, олардың арасында дерт 12%-дан 15%-ға дейін артты. Ж. Бекшиннің пікірінше, бұл СOVID-19 «дельта» штаммының ерекшелігі.

Новости партнеров