Елімізде коронавирус індетінен жазылып шыққандар саны 69,4 пайызға жеткен

coronavirus2020.kz
coronavirus2020.kz
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикада коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайы 18 пайызға төмендеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Министрдің мәліметінше 4 апталық карантин кезінде төсек-орынның босауы 56 пайыз болған. Оның ішінде реанимациялық төсек-орындар 36 пайызға қысқарыпты. Жазылып шыққандар саны 69,4 пайызға жеткен. Жедел жәрдем шақыру, коронавируске байланысты жедел жәрдем қызметіне жүгіну 40 пайызға азайған.

«Вирустың репродуктивтік көрсеткіші 24 пайызға, яғни 1,2-ден 0,89-ға дейін төмендеді. Осылайша, денсаулық сақтау жүйесіне жүктеменің негізгі көрсеткіштерін төмендетуге қол жеткізілді. Қатаң шектеу шараларын енгізгенге дейін репродуктивтік көрсеткіші 1,2 пайыз болған еді. Карантин енгізілген соң 2 аптадан кейін репродуктивтік көрсеткіштің тұрақты түрде төмендеу үрдісін байқап отырмыз», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Министр мұндай жақсы көрсеткішке қол жеткізу халықтың маска тағуды дағдыға айналдырғанының арқасында мүмкін болып отыр дейді. 5 жасқа дейінгі балаларға, әлеуметтік арақашықтық сақталған жағдайда 5 адамға дейін спортпен топтық және жеке айналысқан тұлғаларға, денсаулығына байланысты таға алмайтын тұлғаларға маска тақпауға болатынын айтты.

«Маска тағу қоғамда пайдалы дағдыға айналуы тиіс. Өкінішке қарай, бүгінде бұл уақытша болса да, аса қажеттілік болып отыр. Осылайша, міндетті маска режимін қамтамасыз ету аурудың таралу қарқынын төмендету үшін қосымша факторға айналады. Өйткені маска таққан кезде халық арасында инфекцияның таралуы қысқарады. Санитарлық талаптардың күшейтілуінің арқасында соңғы 4 аптада барлық өңірде халықтың ауруға шалдығу деңгейінің айтарлықтай төмендегендігін атап өткім келеді. Орташа есеппен алғанда ел бойынша ауруға шалдығу 1,5 есе жуық төмендеді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Новости партнеров