Волонтерлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бар

22.07.2020 в 23:17

Бұл туралы «Ұлттық волонтерлер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Вера Ким мәлімдеді

көрнекі сурет

Волонтерлер арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бар. Бұл туралы «Ұлттық волонтерлер желісі» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Вера Ким мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дегенмен, оның айтуы бойынша, еріктілер барынша қауіпсіздік шараларын сақтанып жұмыс жүргізуде. Және төтенше жағдай кезінде өз еркімен халыққа көмектесуге ниет танытқандар көп болған.

«Төтенше жағдай кезінде барлық іс-шара қажетті қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жүргізілді. Қазір біржақты айту қиын. Біздің командада жұмыс істеген еріктілердің ешқайсысы ауырмады. Бірақ, біздің достарымыздың, серіктес ұйымдардың арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған волонтерлердің бар екенін білемін. Бірақ олар ерікті қызметін көрсету кезінде инфекция жұқтырды ма, жоқ па,  айту қиын. Әйтсе де волонтерлердің шынымен де вирус жұқтырғаны расталған», –деді «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ төрағасы Вера Ким.

Төтенше жағдай жарияланған кезде Қазақстандағы барлық волонтерлердің бастамалары біріктіріліп, сенім телефоны ашылған. Бірлестік төрағасы қазіргі уақытта жалғызбасты адамдарға көбірек көмек беріліп жатқанын айтады.