|
16.07.2020 | 18:22
969

Коронавирус: Алматы маңындағы ауылдарда 2 зертхана ашылады

Бұл туралы бүгін онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты

Коронавирус: Алматы маңындағы ауылдарда 2 зертхана ашылады  radio-odeon.com


Бүгінге дейін Алматыда коронавирус жұқтырған 8 мың 259 науқас тіркелген. Оның 2 мың 779-ында симптомсыз, яғни ауру белгілері жоқ. Қаланың бас дәрігерінің хабарлауынша мегаполюсте эпид-ахуал дәрігерлер мен жауапты мамандардың бақылауында, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аруханалардағы төсек орындар  саны жеткілікті. Елде пандемия басталғалы олардың саны 5 мың болса, қазір ол 7 мыңға дейін көбейген.

«Біздің жоспарымызға сәйкес, емделіп жатқан науқастардың аурырлық деңгейіне қарай 3 мекенжайға бөлдік. Бірінші – №1 қалалық балалар жұқпалы ауруханасы. Екінші – №16 қайта бейіндеу орталығы және үшінші мекенжай – «Халық арена». Жақын күндері онда науқастарды қабылдай бастаймыз», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров.

Қала аумағында бетперде тағуға салғырт қарайтындар арасында жастар көп. Күшейтілген карантин шаралары басталғалы 267 адамның карантини талаптарын бұзғаны анықталған. Олардың әрқайсысына 40 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Алдағы күндері тұрғындардың маска тағуын қадағалайтын арнайы топ көше мен аялдамаларда жүріп тексеретін болады. Сондай-ақ, қаланың бас санитар дәрігері, қаланың шет аймақтарында тест тапсыратын орталықтар мен зертханалар жетіспейді деді. Алайда ол мәселе алдағы күндері өз шешімін таппақ.

«Қазір біз қаланың шет аймақтарына 2 зертхана ашуды жоспарлап отырмыз. Оның біреуі стационарлық зертхана қуаттылығы 1 мың тест, ал екіншісі жылжымалы тест, оның қуаттылығы 500 тест», – деді қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир