Бұл індеттің шетелден келуіне жол бермеу үшін жасалды
Әлем елдегі ҚХР елшіліктері Қытайға ұшатын әуе жолаушыларына коронавирус тесттерінің талабын жеңілдетіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ҚХР-дың АҚШ-тағы, Испаниядағы, Италиядағы, Польшадағы, Ирландиядағы, Даниядағы, Таиландтағы және Еуропа мен Азияның басқа да бірқатар елдеріндегі елшіліктері Қытайға баратын шетелдік азаматтар үшін COVID-19 тестілеу ережелеріне түзету енгізді. Атап айтқанда, ұшаққа отырар алдында бір және екі апта бұрын кейбір міндетті ПТР тесттері мен IgM антиденелерін тексеру, сондай-ақ міндетті денсаулық жағдайын бақылау алынып тасталды.
Оның орнына жолаушыларға жолға шығардан 48 немесе 24 сағат бұрын екі ПТР-тест және 12 сағат ішінде антиденелерге бір тест тапсырса, авиарейстерге отыруға рұқсат етіледі. Қытайдың бірқатар дипломатиялық өкілдіктерінің мәлімдемесінде талаптар бірқатар факторларға, соның ішінде қазіргі эпидемиялық жағдайға және вирус нұсқаларының ерекшеліктеріне байланысты түзетілгені айтылған. 2020 жылдан бастап Қытай халықаралық рейстер санын едәуір қысқартты. Бұл індеттің шетелден келуіне жол бермеу үшін жасалды. ҚХР иммиграция жөніндегі мемлекеттік басқармасының мәліметінше, пандемияға дейінгі 2019 жылы шамамен 670 миллион адам Қытай шекарасынан өтсе, 2021 жылы бұл көрсеткіш 128 миллион адам болған.