Қазақстанда коронавирустан тағы екі адам көз жұмды

31.05.2020 в 23:19

Елімізде COVID-19 вирусынан барлығы 40 адам бақилық болды

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Шымкентте 1959 жылы туған, Павлодар облысында 1966 жылы туған науқас қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, елімізде COVID-19 вирусынан осы уақытқа дейін 40 адам көз жұмды.