Жаңа қаулы шықты: Алматыда қатаң карантин енгізілді

sn.kz
sn.kz
Шектеу шаралары 2021 жылдың 28 наурызына дейін енгізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда базар, сауда және ойын-сауық орталықтары мен тамақтану орындары жабылады. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда эпджағдайдың нашарлауына байланысты коронавирус инфекциясының таралуын оқшаулау мақсатында карантин шаралары күшейтілді. 2021 жылдың 21-28 наурыз аралығына дейін жаңа қаулы қабылданды.

Бекшиннің айтуынша, қалада мутацияға ұшыраған коронавирус анықталған. Бұл туралы ДСМ басшысы Алексей Цой мәлімдеген.

«Мутацияға ұшыраған вирустың бұрынғы вирустан қауіптілігі 7 пайызға көп. Қалада жұғу көрсеткіші 70 пайызға көтерілді», - дейді  қаланың бас санитар дәрігері.

Қаулыға сәйкес:

- азық-түлік емес дүкендердің жұмысын шектелді (сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін).

- шаштараздар мен сұлулық салондары енді тек жазба бойынша, маникюр, педикюр және косметологиялық қызметтерге тыйым салынады.

- қонақ үйлер, демалыс базалары - толымдылығы 50 пайыздан аспайды.

- СОО-және базарлар жұмысын тоқтатады.

- қоғамдық тамақтандыру тек алып кету және жеткізу үшін жұмыс істейді.

- қоғамдық көлік және қала маңындағы маршруттар-кесте бойынша жұмыс күндері, демалыс және мерекелік шектеулер енгізілді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар. 

Новости партнеров