Алматыда СОО мен базарлар жұмысын тоқтатады

Фото: realt.onliner.by
Фото: realt.onliner.by
Бұл туралы бүгін онлайн брифингіде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ашық және жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы және Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы бүгін онлайн брифингіде қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.

«Ең біріншіден, бізді алаңдататын – базарлар. Ашық және жабық азық-түлік емес базарлардың жұмысы тоқтатылады.  Ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылады. Қоғамдық ас беретін орындар кафе, мейрамханалар мен асханалардың жұмысы тоқтатылады. Сондай-ақ, фитнес және спорт орталықтары жұмыс істемейді.  Офлайнда оқып жатқан сыныптардағы оқушылар санын 25-тен 15-ке төмендеттік», – еді Ж.Бекшин.

Еске сала кетейік, 21 наурыздан бастап  Алматыда эпидемиологиялық ауалдың  нашарлауына байланысты қатаң шектеу шаралары жөнінде қатаң карантин шараларын енгізіледі. Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.

Новости партнеров