Коронавируске қарсы вакцина бағасы қанша болмақ

12.09.2020 03:31

Бұл сауалға еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді

almaty.tv

Коронавирусқа қарсы вакцина бағасы қанша болмақ? Бұл сауалға еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Коронавирусқа қарсы вакцина, сіздер білесіздер, әлі де дайын емес. Оған әлі бірталай уақыт бар. Оның бағасы қандай болатыны әлі белгісіз. Жалпы болжамдарға қарағанда осы тұмауға қарсы вакцинаның бағасына сәйкес келуі мүмкін», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

Сонымен COVID-19-ға қарсы екпе 2 мың мен  4,5 мың теңгенің аралығында болуы мүмкін. Себебі тұмауға қарсы вакцинаның бағасы дәл осындай. Бұл туралы Ұлттық денсаулық сақтау орталығы инфекциялық аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов айтып берді.

«Өзінің есебінен алам дегендерге міндетті түрде ақылы түрде ұйымдастырылады. Олар енді вакцинаны дайындаған еліне байланысты Россиянікі бар, Францияныкі бар жылма-жыл Қазақстанға келіп жүрген. Солардың енді бағалары 2200-ден енді СК-Фармацияның айтуынша, 4500-ге дейінгі аралықта», – деді Ұлттық денсаулық сақтау орталығының департамент директоры Жұмабек Бекенов.