Түркістан облысында тағы 2 адамнан коронавирус анықталды

07.05.2020 в 23:38

Өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 165 адамға жетті

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv  Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«Скринингтік тексеру нәтижесінде COVID-19 Қазығұрт ауданының 1975 жылғы және 1994 жылғы тұрғындарынан табылды. Қазіргі таңда, аталған науқастармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетсек, Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 165 адамға жетті.