Соңғы 7 күнде жұқтыру қарқыны 6 пайыз болған
Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Соңғы 7 күнде жұқтыру қарқыны 6 пайыз болған. Бұл туралы бүгін қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір карантиннен қауіпсіз шығу үшін және жұқтырғындарды белсенді анықтау мақсатында жаппай тестілеу басталды. Ол халықтың әр түрлі топтары арасында жүргізіледі. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің сөзінше, бұл жұқтыру ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді. Айтуынша, бүгінде 77 мың адамға тест жасалды. Оның 55 мыңы ауқымды, ал 22 мыңы тез арада анықталатын түрі екен. Алдыңғы қатарда жүрген 19 мың медицина қызметкері және әскери, тәртіп сақшыларына да тексеріс жасалып жатыр.
«ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша көлемді ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау өткізіліп жатыр. Алматы қаласында қазіргі таңда 2 мың тест күн ара жасалып жатыр. Біз қазір міндетті түрде бұл көрсеткішті көбейтуіміз керек. Сондықтан мақсат қойдық. Бір күн ішінде 3 мың тест жасауға және де бұл мақсатты орындау үшін 10 мобильді топ жұмыс істейді», – деді Қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек БЕКШИН
Алматыда COVID-19-дан инфекциялық стационарларда 1 мың 135 науқас ем қабылдап жатыр. Оның бірінің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. Ал 34 адамның жағдайы ауыр, 289 адамның жағдайы орташа дәрежеде және қалғандарының денсаулығы қанағаттанарлық. Мемлекет басшысының тапсырмасымен медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді.
«Медициналық бақылауда 12 665 алматылық бар, оның ішінде 312-і провизорлық стационарда, 345-і карантиндік госпитальдарда,12 008-і үй карантинінде жатыр. Алматыда коронавирус инфекциясыган 210 адам сауығып, емдеуден шығарылды. Кеше және бүгінгі күні стационарлардан 51 адам емдеуден шығарылды. Оның ішінде 28 адам вирусы бар науқаспен байланыста болған және 23 медицина қызметкері», – деді қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан ӘБІЛДАЕВ.