Жағдай күрделеніп жатса, шаһарда шектеу шаралары еңгізіледі
Елде эпидахуал күн санап күрделеніп барады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елордада стационарлық төсектің 41 пайызы бос емес. Инфекциялық стационарда 260 науқас жатыр. 238 адамнан коронавирус анықталған. Тағы 22 пациент пневмониядан емделіп жатыр. Соңғы екі аптада қаладағы сырқаттану деңгейі 9,5 есе артқан. Тәулігіне тіркелген науқас саны – 586. Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенованың айтуынша, Нұр-Сұлтан қазіргі күні «сары» аймаққа жақындап келеді. Жағдай күрделеніп жатса, шаһарда шектеу шаралары еңгізіледі. Яғни, бетперде тағу режимі, қоғамдық орындарда топтасып жүрмеуге, 10-нан артық адам қатысатын жиындарды онлайн режимде өткізуге кеңес беріледі.
«Баршаңызды адамдар көп жиналған орындарға бармауға шақырамын. Вирус әлі де қайтар емес. Керісінше ауру қайтадан өршіп барады. Өзіңіз араласатын адамдар ортасын шектеңіз. Айта кету керек «сары» аймаққа көшу кезінде инфекция көзін оқшаулауға бағытталған шаралар қабылданатын болады», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова.