Қазіргі таңда 25 мыңнан аса науқас ауруханаларда ем қабылдап жатыр
650 науқас. Бұл бір тәулікте КОВИД-19 инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың саны. Осы уақыт аралығында арамыздан алты азамат кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалпы, ел аумағында 150 мыңға жуық адам ауруға шалдықса, 2 мыңнан астам жан осы кеселдің кесірінен көз жұмды. 25 мыңнан аса науқас ауруханаларда ем қабылдап жатыр. 250 пациенттің жағдайы ауыр.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, Ыстамбұлдан келген екі отандасымыздан КОВИД-19 инфекциясы анықталды. Кеше елімізге 18 халықаралық әуе рейсі қонған. 2 мың 8 әуе жолаушының 237-ісінде ПТР-анықтама қағазы болмай шықты. Сертификатсыз келген Қазақстан азаматтары ПТР талдау әдісін қолдана отырып, COVID-19 сынағынан өтті және олар карантиндік ауруханаға жатқызылған.
- Алматы әуежайы шетелден 13 рейс, 1 331 жолаушы қабылдады, ПТР-анықтамасы барлар - 1183, жоқтар - 148;
- Нұр-Сұлтан әуежайы шетелден 4 рейс, 499 жолаушы қабылдады, ПТР-анықтамасы барлар - 438, жоқтар - 61;
- Қостанай әуежайы шетелден 1 рейс, 178 жолаушы қабылдады, ПТР-анықтамасы барлар - 150, жоқтар - 28.