Алматыда вирус жұқтыру көрсеткіші екі есе азайды

03.09.2020 23:44

Бүгін бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты

© Sputnik / Евгений Епанчинцев

Алматыда вирус жұқтыру көрсеткіші екі есе азайды. Бүгін бұл туралы қаланың мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сөзінше, қазір эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Айта кетейік, вирус жұқтырудың төмендеуіне қалада жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстары септігін тигізді. Нәтижесінде, осыған дейін рұқсат етілмеген нысандар ашылды. Дегенмен қауіп сейілген жоқ. Сондықтан сақтық шараларын ұмытпаған жөн дейді.

«Қазіргі таңда Алматы қаласында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтылғаны байқалып отыр. Өткен аптада 100 мың тұрғынға шаққанда ауру деңгейі 5-ті құрайды. Ауруды жұқтыру көрсеткіші 2 есе төмендеді. Ал күнделікті аурудың өсімі шілде айына қарағанда 35 есеге төмендеді. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасындағы төсек орыны 83 пайызы босады», – деді қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин.