Алматыда мониторинг топ демалыс күні жасырын жұмыс істеп жатқан базардың үстінен түсті

31.08.2021 в 23:45

«Барыс» базарының иесіне өте қомақты көлемде айыппұл салынуы мүмкін

28 тамызда демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан, «Барыс» базары жұмысын жалғастырды. Алматы қаласы Алмалы ауданының мониторинг тобы дәл осы күні сағат 13.30 шамасында белгіленген карантиндік шектеулердің бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматыда демалыс күндері қоғамдық тамақтану (тек қана алып кету), сауда және ойын-сауық орталықтары, базарлар, сұлулық салондары мен фитнес-орталықтардың жұмысына карантиндік шектеулер енгізілген еске салайық.

«Барыс» базарының иесіне өте қомақты көлемде айыппұл салынуы мүмкін, материалдар Алмалы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.

Айта кетерлігі, базарда маска режимі бұзылған, көптеген сатып алушы сауда аймағында бетпердесіз болған.

Эпидемиологиялық тексерулердің нәтижелері бойынша Алматыда инфекцияның негізгі орындары: сауда объектілері - 32%, отбасылық  байланыс - 16%, қоғамдық көліктер - 17,1% және базарлар - 13%.

Қалада 20 жастан 39 жасқа дейінгі тұрғындар коронавирусты жұқтырып жатыр- 33,5%, 40 - 59 жас аралығында - 25,2% және 60 жастан асқандар - 23,1%. Балалар мен жасөспірімдер арасында - 18%.

Өткен тәулікте мегаполисте коронавирус инфекциясының 1 309 жағдайы тіркелді. Инфекциялық стационарларда 8 910 төсек орын бар. Барлығы 5 551 адам ауруханаға жатқызылған, оның 142-сі балалар.

Бүгінгі таңда АМСК пен Телемедицина орталығының мобильді топтары үйде 11 157 науқасты бақылап отыр.