Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді
Елімізде 13 мыңнан астам медицина қызметкері екпе алған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Вакцинаны бірінші болып инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері алып жатыр. Айтуынша, екпе салғандарда асқыну болмаған. Онымен қоса министр «коронавируспен ауырып шыққан дұрыс» деген ойға қатысты пікірін білдірді.
«Халық арасында «коронавирус инфекциясымен ауырып шыққан дұрыс» деген пікір бар, бірақ оның иммундық жүйеге және созылмалы аурулардың өршуіне әсер ететін, «ковидтан кейінгі» асқынулар болатынын, өкпе, бауыр, жүрек сияқты өмірлік маңызды ағзалардың функциясы бұзылатынын еске салғым келеді. Қалпына келу процесі өте қиын. Көп жылдық тәжірибе көрсеткендей, вакцинация – әлемде аурулардың таралуының алдын алудың барынша тиімді құралдарының бірі», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.