Алматы облысында тағы 4 адамнан коронавирус анықталды
Облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 181 адам тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысының Қапшағай каласында және Талғар ауданында вирус жұқтырған адамдар тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
«4 науқастың біреуі өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, үшеуі скрининг аясында анықталды. ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқастарда COVID-19 диагнозы анықталды», - делінген хабарламада.
Ауырған адамдар бұған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
Қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталып оқшауланады және КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.
Қазіргі уақытта Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 181 адам анықталды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31