Алматы облысында тағы 4 адамнан коронавирус анықталды

08.05.2020 23:54

Облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 181 адам тіркелді

Алматы облысының Қапшағай каласында және Талғар ауданында вирус жұқтырған адамдар тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.

«4 науқастың біреуі өзіне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған, үшеуі скрининг аясында анықталды. ПТР-талдау нәтижелері бойынша науқастарда COVID-19 диагнозы анықталды», - делінген хабарламада.

Ауырған адамдар бұған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Қарым-қатынаста болған  тұлғалар анықталып оқшауланады және КВИ-ға зертханалық зерттеуден өтеді. Эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Қазіргі уақытта Алматы облысында инфекцияны жұқтырған 181 адам анықталды.