2 тамыздан бастап күшіне енеді
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құжатқа сәйкес, 2 тамыздан бастап мегаполисте жаңа карантиндік шектеулер енгізіліп, 16 тамызға дейін қолданылады.
Төмендегі нысандарды қоспағанда, меншік нысанына қарамастан Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады:
- орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдар;
- құрылыс жұмыстары, өндірістік ұйымдар;
- байланыссыз қызметтер;
- гүл дүкендері, фотосалондар;
- туристік фирмалар, бизнес орталықтар;
- қызметтің жекелеген түрлері.
Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.