Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ПТР-скринингтің жаңа әдісі енгізілді
Қазақстанда коронавирустың бразилиялық штаммы анықталды. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарынан басқа республиканың барлық аумағында британдық және оңтүстік африкалық мутация тараған. Оларды жылдам анықтау үшін елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен ПТР-скринингтің жаңа әдісі енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Алматы қаласында науқастардан ДНҚ-үлгілерін секвенирлеу нәтижелері бойынша британдық және Оңтүстік Африка штаммдарының айналымы белгіленген. Олар жоғары контагиоздықпен ерекшеленеді, бұл инфекцияның кең таралуына әкелуі мүмкін», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қазақстанда COVID-19-бен ауыр халдегі адамдардың саны бір айда 32%-ға өскен. Әсіресе, соңғы екі аптада дертке шалдыққандар 1,5 есеге көбейген. Сонымен қатар, министр қауіпті вирусқа қарсы вакциналарды сатуға тыйым салынғанын, олардың тек тегін жасалатынын тағы бір мәрте еске салды.
«Қазақстанға мемлекеттік айналымда пайдаланылатын, сондай-ақ міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысатын, қормен келісімшарт жасасқан, сондай-ақ адамдарды тегін вакцинациялайтын жеке клиникаларға арналған вакциналар ғана әкелінді. Корнавирувсқа қарсы вакцинаның 150 мың дозасы өңірлерге жеткізілуде. Сонымен қатар, сәуір айында түрлі өндірушілерден қосымша 2,5 млн доза вакцина жеткізу жоспарлануда», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.