2006 жылғы қыз бала ЖРВИ диагнозымен тексерілгенде, одан COVID-19 табылған
Павлодар қаласында 13 жастағы қыз баланың COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
25 сәуір күні 2006 жылғы қыз бала ЖРВИ диагнозымен тексерілген кезде одан короновирус инфекциясы анықталды.
«Қазіргі уақытта байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталып жатыр, оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған», - делінген хабарламада.
Бүгінгі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 89 адам тіркелген.