Алматыда коронавирус инфекциясынан көз жұмған адам 1-топтағы мүгедек болған

07.05.2020 00:04

Covid-19 жұқпалы стационарларында бүгінгі күні 1156 пациент емделуде

Almaty.tv

Пациент ұзақ уақыт бойы ауыр созылмалы ауруларын (вирустық гепатит, қант диабеті, артериялық гипертензия, жалғыз бүйректің созылмалы пиелонефриті, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы) бастан өткізген, 1-топтағы мүгедек болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел шұғыл медициналық көмек ауруханасына пациент ауыр коморбидті аясында пневмония ағымы есебінен ауыр хәлде келіп түскен.

Провизорлық госпитальда тексеріліп-қаралып, COVID-19 мұрын жұтқыншағының ПТР оң нәтижесі алынғаннан кейін, инфекциялық стационарға ауыстырылды.

Инфекциялық стационарда COVID-19 диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес қарқынды терапия жағдайының барабар ауырлығы жүргізілді. Жүргізілген емге қарамастан, жай-күйі үдемелі түрде нашарлап, өкпені жасанды желдету аппаратында болды.

Созылмалы жүрек және бүйрек жеткіліксіздігі аясында ауыр тұтас COVID-пневмонияның өтуі қолайсыз нәтижеге әкелді.

Қайтыс-болуының негізгі себебі коронавирустық инфекция болып табылатыны туралы шешімді құрамына бейінді мамандар, оның ішінде пульмонологтар кіретін өліммен аяқталған жағдайларды зерттеу жөніндегі комиссия қабылдады.

Қазіргі уақытта Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 1392 жағдайы тіркелді.

Covid-19 жұқпалы стационарларында бүгінгі күні 1156 пациент емделуде.

Бүгінгі күні Алматы қаласында 17 адам коронавирустық инфекциядан сауығып, емдеуден шықты. Олардың ішінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың 8 медицина қызметкері, Балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының 2 қызметкері және 7 вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған адамдар.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық инфекцияны жоққа шығармайтын ауру белгілері (дене қызуының көтерілуі, шаршау және құрғақ жөтел) болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығына 1406 нөмірі бойынша жүгінуді немесе медициналық жедел жәрдем шақыруды өтінеміз.