Денсаулық сақтау министрлігі TikTok желісінде видео жариялады

30.03.2020 в 00:08

Министрлік аталмыш әлеуметтік желіге @healthcaregovkz деген атпен тіркелген

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі TikTok әлеуметтік желісінде аккаунт ашты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Министрлік аталмыш әлеуметтік желіге @healthcaregovkz деген атпен тіркелген. Парақшада коронавирустан сақтану үшін арақашықтықты сақтаудың қаншалықты маңызды екені туралы бірнеше видео жариялаған.  

Айта кетсек, екі адам арасындағы арақашықтық екі метрден кем болмауы тиіс.  

Министрлік қазақстандықтардан үйде отыруды және екі адамнан артық топ болып жиналмауды сұрайды. Роликтер #ОставайсяДомаСохраниЖизни, #ҮйдеқалӨміріңдіСақта хэштегтерімен белгіленген.


@healthcaregovkz ♬ original sound - healthcaregovkz