Қазақстан коронавируспен күрес үшін Азия Даму Банкінен қарыз алмақ

көрнекі сурет
көрнекі сурет
Ол туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

COVID-19-бен күрес үшін Қазақстан Азия Даму Банкінен қарыз алады. Ол туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді. Оның сөзінше, 2020 жылғы 13 тамыздағы Президенттің Жарлығына сәйкес, 908 млн. 596 мың еуро сомасындағы Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімге қол қойылған. Сонымен қатар, Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен 661 млн 800 мың еуро сомасында қарыз алу туралы келісім жасалған. Бұл қаражат қандай мәселелерді шешуге бағытталмақ? Almaty.tv тілшісі Асылбек Тойбек тарқатады.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды. Аталған банктен алынатын қарызды ел Үкіметі COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес және экономиканы қалпына келтіру жөніндегі шараларын қолдауға жұмсамақ. Өтеу мерзіміне қатысты қарыз екі бөлікке бөлінген. 454 млн 298 мың еуро сомасындағы қарыздың бір бөлігі, яғни жартысы 10 жыл мерзімге, ал қалған 454 млн 298 мың еуро сомасындағы екінші жартысы 5 жыл мерзімге беріледі.

«Көрсетілген қаражатты тарту бюджеттің бекітілген тапшылығы жағдайында аса қажет болып табылады. Келісімнің жақын арада күшіне енуі маңызды. Бұл қаражат Азия Даму Банкінің пандемияға қарсы күрес жөніндегі арнайы шешімімен Қазақстан Республикасы үшін 2020 жылға резервтелген», – деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Бұдан бөлек отырыста депутаттар Үкімет атына өзекті мәселелер бойынша сауалдарын жолдады. Мәселен, мәжілісмен Берік Дүйсенбинов елімізде соңғы жиырма жылда тұрғылықты мекенжайын тастап көшкендердің саны күрт өскенін айтты. Статистика комитетітінің есебі бойынша, өткен жылдың бірінші жартысында 500 мыңнан аса Қазақстан азаматы ел ішінде қоныс аударған.

«Соңғы 10 жылда Шымкент қаласының маңына 500  мыңнан аса халық табан тіресе, Шығыста Өскемен қаласының бұрынғы саяжайлары қазір 100 000-нан асатын тұрғындары бар қала маңындағы ауылдарға айналды. Бұл урбанизация процесі еліміздің барлық облыстарына тән. Сарапшылардың пікірінше, ішкі миграция ары қарай өседі деп күтілуде. Енді осы ішкі миграция көптеген әлеуметтік мәселелерді туғызып отыр», – деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсенбинов.

Сонымен қатар, Мәжіліс министрліктегі жауапты хатшы лауазымын қысқартатын құжатты мақұлдады. «Өлім жазасының күшін жою туралы заң жобасы да талқыға түсті. Еске сала кетейік, 23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойған болатын.

Новости партнеров