1 оқушыдан вирустық пневмония анықталды
Қазақстанда 1 оқушыдан вирустық пневмония анықталды. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал, күні кеше басталған екінші тоқсанда 5-сынып оқушыларына мектептегі кезекші сыныпқа барып білім алуы үшін рұсқат берілген. Яғни, бұдан былай мектептерде 300 орынға дейін балалар оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ6 ол Нұр-Сұлтанда тағы бір мектеп карантинге жабылғанын айтты. Ал, ұстаздар арасында биыл елімізде оқу жылы басталғалы 241 мұғалім коронавирус жұқтырған.
«Дәстүрлі білім беру жүйесіне қазір рұқсат бере алмаймыз. Себебі вирусқа шалдыққандар саны күн санап артып келеді. Әсіресе, мектеп оқушылары арасында көрсеткіш құбылмалы. Өйткені біз күнде мониторинг жұмыстарын жіті бақылап отырмыз. Сондықтан жасыл аймақта тұрған өңірлердегі оқушылардың барлығын мектепке баруына толық рұқсат берсек, ол өңірдің 1-2 күнде сары аймаққа еніп кетпеуіне кім кепілдік бере алады?» – деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.