Батыс Қазақстан облысында 180-ге жуық адам жұқпалы аурулар стационарында емделуде

03.01.2021 00:20

Батыс Қазақстан облысы қазіргі кезде «сары аймақта»

Фото: ашық дереккөзден алынды

Батыс Қазақстан облысында 180-ге жуық адам жұқпалы аурулар стационарында жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, өңірде осы кезге дейін 9256 адам індет жұқтырса, соның 8026-сы жазылып шықты. 169 адам көз жұмды. Соңғы тәулікте - 35, бір аптада - 255 адам коронавируспен тіркелді. Пневмонияға шалдыққан 149 адам стационарда, 47-сі амбулаторлық ем алуда. Пневмониядан барлығы 239 адам өмірден озды. Инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 4, оттегі концентраторына 6, орталықтандырылған оттегі көзіне 37 адам қосылған. Күні бүгін жеті жұқпалы аурулар ауруханасында 179, карантиндік стационарда 7 адам емделуде. 17 адам жансақтау бөлімінде жатыр.