Германияда коронавирусқа байланысты Октоберфест өтпейтін болды

inform.kz
inform.kz
Екі апта ішінде фестивальге алты миллион адам келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдегі ең ірі Октоберфест сыра фестивалі коронавирусқа байланысты биыл өтпейтін болды. Бұл туралы сейсенбі күні Бавария премьер-министрі Маркус Зедер мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылы Октоберфест тоқтатылуы тиіс. Қауіп өте жоғары. Сіздер қашықтық сақтай алмайсыздар, маска да тақпайсыздар. Коронавирустың екпесі немесе емі табылғанға дейін абайлап өмір сүру керек», - деп жазды Зедер Twitter-де.

Бавария премьері бұл шешімді Мюнхен мэрі Дитер Райтермен бірге қабылдаған. Октоберфест сайтындағы мәлімет бойынша, шара 2021 жылдың 18 қыркүйегінде өтеді. Әлемге танымал Германиядағы шара осы жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтуі тиіс еді. Қазіргі Октоберфест дәстүрі XIX ғасырдың аяғынан бастау алады.

Екі апта ішінде фестивальге алты миллион адам келеді. Олар Мюнхенде шамамен 1 млрд еуро жұмсайды.

Новости партнеров