Президент келесі аптада коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жариялайды

Фото: Акорда
Фото: Акорда
Бұл жөнінде Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ел презиендті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жағдайына қатысты кезекті телевизиялық үндеу жариялайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді. Оның сөзінше, мемлекет басшысы азаматтарымыздың денсаулығын сақтау мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ең басты міндет санайды. Ол барлық отандастарымызды Төтенше жағдай режимінің талаптарын сақтауға шақырады. 

Жақындарымыздың денсаулығы үшін сабыр сақтап, жауапкершілікті сезінуіміз керек. Қасым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, "халықсыз экономика болмайды". Сондықтан ешкім де мемлекеттің назарынан тыс қалмайды. Президенттің тікелей тапсырмасы бойынша азаматтарға қолдау көрсету үшін бюджеттен және Ұлттық қордан қаражат бөлінуде. Мемлекет басшысы осы айтылған мәселелердің оң шешілуін үнемі бақылауда ұстап отыр, деді президенттің баспасөз хатшысы өзінің жазбасында. 

Новости партнеров