Науқастар коронавирусты көбіне азық-түлік дүкендерінде жұқтырған

27.01.2021 00:22

Алматыда мобильді бригадалардың жұмысы күшейтілді

inbusiness.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен қалада алғашқы медициналық-санитарлық көмек жанындағы мобильді бригадалардың жұмысы күшейтілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әр топтың құрамына дәрігер мен екі медбике кіреді.  Үйге шығу кезінде бригада ең алдымен пациентті тексеріп, ауру дәрежесін бағалайды. Сондай-ақ, коронавирусқа  ПТР-тест әдісімен талдау жасап, қажет болған жағдайда рентгенографияға және компьютерлік томографияға жолдама береді. Ал, №32 қалалық емхана қызметкерлері жүргізген статистика бойынша науқастар індетті көбіне азық-түлік дүкендерінде жұқтырған.

«Сауда орталықтарында - 2,4 пайыз, азық-түлік дүкендерінде -36 пайыз, қоғамдық транспортта - 13 пайыз, базарлар - 12 пайыз және әртүрлі тренингтер болады. Олар - 1-2 пайыз. Ол жаңағы біздің емханадағы 23 адамның қорытындысы бойынша», – деді № 32 қалалық емхананың бас дәрігері Артур Қажыбаев.