Аталған қаулы 8 маусымнан бастап күшіне енеді
Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ж.Бекшин аталған қаулы қала «сары» аймаққа кіргеннен кейін жеті күн өткен соң, яғни 8 маусымнан бастап күшіне енетінін атап өтті. Оның айтуынша қаулыда Ashyq жобасына қатыспайтын және қатысатын объектілер үшін екі блок пайда болды.
Қаулының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.