Коронавирус: Қазақстандықтарға отандық вакцинаны сынауға қатысқаны үшін 200 мың теңге төленеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтарға отандық коронавирусқа қарсы вакцинаны сынауға қатысқаны үшін екі жүз мың теңге төленеді. Бұл туралы биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында хабарлады. Олар зерттеу жүргізу үшін еріктілерді жинап жатыр. Сондай-ақ, барлық оқыс жағдайдан сақтандыруды уәде етіп отырғанын айта кету керек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алматы қаласында зерттеу №4 қалалық емхананың және Халықаралық Дипломнан Кейінгі Білім Беру Институты медициналық орталығының клиникалық базасында жүргізілетін болады. Ерік білдірушілердің жасы кәмілетке толған болуы керек және денсаулығында ешқандай ақау болмауы тиіс.

«Созылмалы аурулары бар, аутоиммунды адамдарға вакцинация сынақтарына қатыспаған дұрыс. Менің ойымша, бұл вакцина қауіпсіз, олар иммундық реакцияны тудырып короновирустан қорғайды», – деді иммунолог Алмаз Шарман.

Еріктілердің жеке куәлігі талап етіледі. Барлық салықтарды шегергенде төлем шамамен 160-170 мың теңгені құрайды. Бүгінде ғылыми зерттеу институты QazCovid-in отандық вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазаларын жүргізді. Ал сынақтың  үшінші кезеңі алғашқы екі фазалардың жоғары қауіпсіздік пен иммуногенділікті, сондай-ақ 96 пайыздық тиімділікті көрсеткеннен кейін мақұлданған.

«19 желтоқсанда қазақстандық вакцинаны зерттеудің үшінші кезеңі басталды, оған 3000 ерікті тіркелген. Клиникалық базалар анықталды. Бұл – Алматы және Тараз қалаларының клиникалық базалары және әзірге жаппай вакцинация туралы айту қажеттілігі жоқ», – деді ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов.

21 желтоқсанда Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру басталған еді. Сондай-ақ, ведомствода американдық Pfizer компаниясы Қазақстанға вакцина жеткізе бастауы мүмкін екендігі деп аталып өтті. Осыған байланысты алдын ала келісімге қол қойылған.

«Қолданылған материалдарға міндетті түрде primeminister.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс. Ерікті түрде жаппай вакцина егу 2021 жылдың бірінші тоқсанында, яғни ақпан айынан бастап қол жетімді болады. АлPfizer компаниясы, қытай компанияларының және өзге шетелдік вакциналарға қатысты келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов

Бірінші кезекте бұл вакцина коронавируспен күресіп жатқан науқастарға және жұмысы қашықтық форматына ауыстыру мүмкін емес қызметкерлерге салынатын болады. Олардың ішінде дәрігерлер, ұстаздар мен күштік құрылымдарының қызметкерлері бар. Вакцина медициналық көмектің Мемлекеттік көлемі аясында барлық азаматтарға тегін қол жетімді болмақ.

Жанар Ғаниқызы, Рашид Шүкірәлиев  «Алматы»телеарнасы

Новости партнеров