Түнгі клубтар, кафелер, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер
Карантин режимін бұзу жайттарын анықтау мақсатында, Шымкент қаласы Полиция департаментінің аудандық Полиция басқармаларының қызметкерлерімен және арнайы құрылған мобильді топпен ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша барлығы 910 құқықбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Түнгі клубтар, кафелер, ресторан, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер – 179;
– Шаштараздарда, массаж салондарында, монша, сауна, әсімдік салондарда – 46;
– Той немесе басқа да жиын өткізгендер – 125;
– Дүкендерде, сауда үйлерде, базарларда– 260;
– Демалыс аймағы – 2;
– Басқа да орындарда – 296;
Онымен қоса, 213 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.
Барлық іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған.