Елімізде стелс-омикрон штамын анықтады

14.05.2022 00:32

Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады

Governor Tom Wolf

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде коронавирус инфекциясы штамдарының айналымына мониторинг жүргізуді жалғастырып жатыр. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқасының айналымы анықталды, деп хабарлайды Almaty. tv тілшісі

Барлық өңірлерде BA.1 омикрон штамы  98,6 пайыз, оның ішінде 12 өңірде BA.2 стелс-омикрон штамы 36,7пайыз анықталды. Сондай-ақ, B. 1.617-like Delta штамы айналымда жүр және зерттелетін сынама санының 1,4 пайызын құрайды. ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқталады.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады. 6 ай бұрын және одан да көп уақыт бұрын вакцинация курсын алған адамдар ревакцинациялауға жататынын естеріңізге саламыз.

Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін халыққа вакциналардың 3 түрі қолжетімді, олардың екеуін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған.