Коронавирусқа қарсы препарат табылды ма

17.03.2020 00:34

Бұл препаратты коронавирустың жаңа түрін емдеуде тиімді деп санайды

russian.news.cn

Гонконгта коронавируспен күресте тиімді деп саналатын эксперименталды «Ремдесивир» препаратының клиникалық сынағы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Медициналық этика комитеті, тіпті  оның қалалық ауруханалардағы зерттеулерін мақұлдаған. Қазіргі уақытта зерттеу жұмысы аяқталып, үш ірі аурухана шұғыл түрде науқастарды сынаққа шақырмақшы. Тәжірибелік препарат американдық биофармацевтикалық компанияның Эбола және басқа да індеттермен күресу мақсатында әзірленген дәрісі болып шықты. Сарапшылар болса, бұл препаратты коронавирустың жаңа түрін емдеуде тиімді деп санайды. Қазір «Ремдесивирдің» клиникалық сынағы құрлықтық Қытайда да өткізілуде. Нәтижелері сәуірдің аяғында жарияланады. Сондай-ақ, препарат қауіпті вирусты емдеуде тиімді болады деген мақсатпен Тайвань ғалымдары да Ремдесивирді синтездеп шығарған.