Алматыда коронавирус инфекциясынан сауыққан тағы екі науқас ауруханадан шығарылды

25.04.2020 00:35

Екеуі де вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар

ашық дереккөз

Алматыда коронавирус инфекциясынан сауыққан тағы екі науқас емдеуден шығарылды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Бұл – 30 жастағы ер адам және 1972 жылы туған әйел кісі. Екеуі де вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар. Ер адам 4 сәуірден бастап, әйел кісі 14 сәуірден бастап инфекциялық стационарда емделген. Алматыда коронавирус инфекцияcынан сауыққан тағы екі науқас ауруханадан  шығарылды.

Екеуінің де жай-күйлері ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланған. Әйел кісіде екі жақты пневмония диагнозы болды. Бүгінгі күні олар хаттамаға сәйкес емдеу курсынан өтіп, өзін жақсы сезінуде. Енді олар үй карантинінде болады.

Қазіргі уақытта Алматыда  8 жаңа жағдай тіркелген. Олардың барлығы вирус жұқтырған адаммен байланыстағы оқшаулаудағы адамдар. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар стационарларында Алматы облысынан пациентті есепке ала отырып, коронавирустық инфекциядан 667 пациент емделуде.

1 адамның жай-күйі – өте ауыр, 21-інде – ауыр, 199-ында ауырлықтың орташа дәрежесінде, қалғандарында – қанағаттанарлық. Провизор орталықтарда 458 адам, карантиндік оқшаулауда – 523 адам бар.