«Қазақстан қызыл жарты айы» ұйымы медицина қызметкерлеріне жұқпалы аурудан қорғайтын арнайы киім үлестірді

09.07.2020 00:37

Қазір оның 200 данасы Нұр-Сұлтан қаласына, қалғаны Алматыдағы госпиталь мен емханаларға жеткізілген

almaty.tv

«Қазақстан қызыл жарты айы» ұйымы Халықаралық қайырымдылық қорлармен бірлесіп Алматы және Нұр-Сұлтан қаласының медицина қызметкерлеріне 1620 дана жұқпалы аурулардан қорғайтын арнайы киімдерді үлестіріп берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазір оның 200 данасы Нұр-Сұлтан қаласына, қалғаны Алматыдағы госпиталь мен емханаларға жеткізілген. Сондай-ақ, 4000 әлеуметтік әлжуаз отбасыға азық-түлік себеттері таратылған. Бұған қоса 120 мың арнайы томпон мен 27 мың COVID-19-ды анықтауға арналған тест реагенттері алынған. Томпондар мен реагенттер Ұлттық сараптама орталығына жіберіліп, бүкіл ел аумағына таратылмақ.

«Керекті заттарды алу үшін серіктестеріміз 120 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Сондықтан «Қазақстан қызыл жарты айы» ұйымының бастамасымен бүгінгі жағдайға бей-жай қарамайтын адамдардың, ірі отандық және шетелдік серікестердің жасап жатқан мұндай көмегі елге пайдасы тиер деп үміттенеміз», – деді  «Қазақстан қызыл жарты айы» ұйымының бас директоры Әсел Тастанова.