|
12.06.2020 | 19:38
3257

Коронавируске қарсы екпе міндетті екпелер қатарына жата ма

Бұл сұраққа бүгін онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева жауап берді

Коронавируске қарсы екпе міндетті екпелер қатарына жата ма

Коронавирусқа қарсы екпе мәжбүрлі бола ма? Бұл сұраққа бүгін онлайн брифинг барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, вакцина міндеттілердің қатарына өтуі әбден мүмкін. Алайда оны егуге мәжбүрлеу болмайды.

«Вакцина жасау эпидемиологиялық жағдайға қатысты болады. Егер күрделі болса, міндетті екпелердің қатарына өтеді. Бірақ азаматтардың таңдау құқығы сақталады. Олар вакцинадан бас тарта алады», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Лязат Ақтаева.

Десе де вакцинадан бас тартудың кейбір салдары болады, деді Лязат Ақтаева. Мәселен, ол балабақшаға ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейін тілге тиек етті. Ол 95 пайызды құрауы қажет. Ал егілмеген балғындарды қабылдауда басымдық екпені қандай да бір медициналық көрсетілім бойынша жасатпағандарға беріледі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир