Коронавирус: Алматы қаласының Білім басқармасы ата-аналарға үндеу жасады

15.03.2021 00:48

Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды

coronavirus2020.kz

Алматы қаласының Білім басқармасы қаладағы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті ата-аналар! КВИ жағдайларының тіркелуінің ұлғаюына байланысты Алматы әкімдігі мүмкіндігінше балаларды үйде онлайн оқуда қалдыруды сұрайды. Сонымен бірге, мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте жоғары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз. Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген»,– делінген хабарламада.