|
20.03.2021 | 19:49
4052

Бекшин: 65 жастан асқан адамдар үйден шықпасын

Ал жастарға үлкен кісілерге ауру жұқтырмау үшін карантин талаптарын сақтау керек екенін тағы бір мәрте ескертті

Бекшин: 65 жастан асқан адамдар үйден шықпасын metronews.ru

Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин 65 жастан асқан азаматтарға үйден шықпауды ұсынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің басты мақсатымыз ауыр індеттің таралуын тоқтату. Талаптарымыз да қарапайым: арақашықтықты сақтау, қоғамдық орындарда жиналудан бас тарту, бетперде тағып жүру. Осы ережелерді сақтай отырып, біз індетті жеңе аламыз. 65 жастан асқан үлкен адамдар үйден шықпасын. Қазіргі уақытта той дегенді уақытша қою керек», – деді Бекшин.

Ал жастарға үлкен кісілерге ауру жұқтырмау үшін карантин талаптарын сақтау керек екенін тағы бір мәрте ескертті.

«Қазір мектеп жасындағы балалар демалыста. Олар да ойын алаңында көп жиналмасын. Жастарға да үйге вирус әкеліп, үлкендерді ауыртып алмау керек. Аурудың 37 пайызы үйдегі қарым- қатынас арқылы жұққан. Сондықтан жасы үлкен кісілерді КВИ індетінен барынша алшақ ұстау қажет», – деді бас санитар дәрігер.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир