Қазір 2001 науқас ем қабылдап жатыр
Қазақстанда коронавирус індетіне шалдыққандар саны көбейіп барады. Соңғы тәулікте ел бойынша тағы 334 адам КОВИД-19 вирусын жұқтырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазір 2001 науқас ем қабылдап жатыр. Сырқаттанғандар арасында 15 пациенттің жағдайы ауыр. Әзірге өкпені жасанды желдету аппаратына қосылғандар жоқ.
Вирустың өршуі көптеген шет мемлекеттерде де байқалған. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәлімдеуінше 2 аптада әлемде індетті жұқтыру дерегі 30 пайызға өсіпті. Ал Үндістанда жаңа штамм анықталып, қазір зерттеу жүргізіліп жатыр екен. Сондықтан мамандар екпенің күшейткіш мөлшерін алуды жалғастыру қажеттігін алға тартып отыр.