Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі
Коронавируспен күресуге тартылған медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы қосылады. Бұл мәселе бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында қаралды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті. Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күреске өз үлесін қосып жатқан медициналық мамандарды қаржылық қолдау туралы жаңа тапсырма берді. Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп ай сайын эпидемияға жұмылдырылған 26 мың 228 медицина маманына үстемақы төлеуді тапсырамын. Біріншісі – қауіптілігі аса жоғары, реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 20 жалақының төменгі мөлшері. Жалақының ең төменгi мөлшерi 850 мың теңге. Екіншісі – қауіптілігі жоғары, провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы 10 жалақының төменгі мөлшері, 425 мың теңгенің құрайды. Үшіншісі – қауіптілігі орташа, карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемеақы 5 жалақының төменгі мөлшері, яғни 212 мың теңге болады», – деді ҚР Премьер-министрі Асқар МАМИН.