Алматы әкімдігі қалаға келіп-кетушілердің санын енді «Сергек» камералары арқылы бақылайды
Алматы әкімдігі қалаға келіп-кетушілердің санын енді «Сергек» камералары арқылы бақылайды. Бұл коронавирустық инфекцияға қарсы жылдам әрі ұтымды шешім қабылдауға көмектеседі. Бүгін онлайн брифингте жаңадан таныстырылып, қолданысқа еніп жатқан жүйе жайлы цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал онда ақпараттар әр сағат сайын жаңаланып, халық көп шоғырланған жерлерді анықтауға септеседі. Айта кетейік, базада алматылықтар туралы жеке деректер жарияланбайды.
«Мобильді абоненттер картасын іске қосып жатырмыз. Қазір жүйені жан-жақты қарастырып, әр уақыт сайын қосымша жаңартып отырамыз. Жүйеде қосымша екі жоба пайда болды. Енді медициналық жедел жәрдемнің қозғалысын бақылауға мүмкіндік туды. Қоғамдық көліктердің де жүрісін бақылауға болады», – деді қалалық Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев.