Алматыда соңғы бір тәулікте 17 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Қазіргі уақытта қалада COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 110-ға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда соңғы бір тәулікте 17 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Науқастардың бәрі де шет елдерден оралған адамдармен байланыста болған. Мәскеуден келген жолаушы алдымен анасына, содан соң өзінен кейінгі екі бауырына жұқтырыпты. Бүгінде Алматыда соңғы дерек бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 110-ға жетті.

17 науқастың бәрі де қазір жұқпалы аурулар ауруханасында ем-дом қабылдап жатыр. Аурухана аумағындағы карантин жұмыстары күшейтілген режимге көшкен. Сырттан келген бөгде адамды кіргізбейді. Жұқтырған 1 адамның жағдайы ауыр, қалғандарының жағдайы орташа деңгейде. Олардан коронавирус анықталған кезде бәрі де осы ауруханадағы станционарда болған. Сырттағы ешкіммен байланыспаған. Сырттағыларға жұқтыру қаупі жоқ.

Ел шошыған індеттен құлан-таза айығып жатқандар да жоқ емес. Бүгін 6 науқас жазылып, үйлеріне шығарылды. Олар – Стамбулдан, Мәскеуден және Берлиннен ұшып келгендер. Алматыда коронавирустан емделіп шыққандар саны 19 адам. Аурудан айыққандар алдымен 14 күндік үй карантинінде болады. Одан кейін де оларды дәрігерлер бақылауда ұстамақ.

«Шетелден келгендердің қай мемлекеттен сапарлдап келгеніне көз жүгіртсек, ең көп ауырған адамдар Мәскеуден келгендер екен, олардың саны 33 пайызды құрап отыр. 25 пайызы –Стамбулдан келген науқастар. 16 пайызы Берлиннен келгендер. Санкт-Петербургтен келгендер – 13 пайыз. 13 пайызы Минскіден келгендер. Көпшілігі 20-29 жастағы азаматтар», - деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат МОЛДАҒАСЫМОВА.

Алматыда коронавирус қауіпі бар деген тағы бір ошақ анықталды. Оның мекенжайы: Ақсай-1 ықшамауданында орналасқан №24 үй. Еске сала кетейік, бүгінде қалада қауіпті ошақтардың жалпы саны 29-ға жетті.

Ұлағат Арғын, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров