Осы жылдың 8 қазанынан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар 1702 нысан тексерді
Алматыда санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау жөніндегі мониторингтік топтар жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty.tv.
Құрамында аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аудандық басқармаларының мамандарынан құралған 26 мониторингтік топ жұмыс істейді.
Осы жылдың 8 қазанынан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтар 1702 нысан тексерді, оның ішінде карантин кезеңінде жұмыс істейтін 414 нысанда маска режимін бұзу анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 113 хаттама жасалды:
1. Алмалы ауданы – 30;
2. Әуезов ауданы – 54;
3. Наурызбай ауданы – 14;
4. Түрксіб ауданы – 15.
Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 113 хаттама жасалды.
Алматы қаласының БМСД 15.08.2020 №56 қаулысына сәйкес қызметіне тыйым салынған нысандар (түнгі клубтар, караоке, букмекерлік кеңселер, компьютерлік клубтар, бильярд клубтары, интернет-клубтар және т. б.), сондай-ақ адамдар көп жиналатын салтанатты, отбасылық іс-шаралар (үйлену тойлары, мерейтойлар, банкеттер) анықталды. Қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафе, мейрамханалар) жұмыс режимін бұзу, сағат 23.00-ден кейін қонақтардың көп жиналу фактілері бар, сауда және қызмет көрсету салаларындағы нысандарда (сұлулық салондары, дүкендер, автожуу) журналда белгілеу арқылы қызметкерлердің күнделікті термометриясы жүргізілмейді, маскалық режим сақталмайды, қолды өңдеуге арналған санитайзерлер жоқ. Барлық жағдайларда белгіленген алдын алу және шектеу шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 22 қазанында мониторингтік топтар карантиндік іс-шаралардың сақталуы бойынша 18 тексеру жүргізді. 5 нысаннан бұзушылықтар анықталды: Алмалы ауданы – «Аққайың» караокесі, «Boohouse», «Capital bingo loto» кафе бары; Наурызбай ауданы – компьютерлік клуб, букмекерлік кеңсе.
Бір күн ішінде бетперде режимін бұзу бойынша жеке тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 13 хаттама толтырылды.
Барлық нысандарда мониторингтік топтар санитарлық-эпидемиялық режимді күшейтілген түрде сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.