Алматыда бизнес нысандарына қойылатын шектеулер алынып тасталды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын нысандардың жұмыс уақытына қойылатын шектеулер алынып тасталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Алматы қаласы тұрғындарының арасында корнавирус инфекциясының таралуын одан ары болдырмау мақсатында жарияланған жаңа қаулыға сәйкес, Ashyq жобасының тәртіптеріне бірқатар өзгеріс енгізілді.

Атап айтқанда:

- Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты белгіленбейді.

- Ashyq жобасына қатысатын нысандарға келушілердің мәртебесі бейтарап («көк») немесе қауіпсіз («жасыл») болған жағдайда, «жасыл» аймақта шектеусіз қызмет көрсетіледі, ал «сары» және «қызыл» аймақтағылар нысанның толуына шектеу қойыла отырып, қызмет көрсетіледі.

- «жасыл» аймақта (эпидемиологиялық қаупі төмен) қызмет көрсету шексіз;

Штаттық оқыту форматына рұқсат беріледі:

- мейтепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініштері бойынша;

- жалпы білім беретін мектептерде 600 оқушыға дейін;

- 1-4 бастауыш сыныптар;

- мектептен тыс ұйымдарда;

-- колледждер мен жоғары оқу орындарында аралас форматта рұқсат етіледі.

Коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған адамдарға қатысты келесі ережелер белгіленеді:

- егер екінші компонентті алғаннан кейін алты айдан аспаса, ревакцинацияны немесе COVID-19-ға қарсы вакцинаның толық курсын алғаны құжат түрінде расталса, үй карантиніне оқшауланбайды;

- 7-ші күні COVID-19-ға ПТР арқылы тексеріледі, ПТР теріс нәтиже көрсетсе, үй карантині аяқталады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден таныса аласыздар.

Новости партнеров